Отбасы хрестоматиясы ( @kitap.otbasy ) Instagram Profile

kitap.otbasy

Отбасы хрестоматиясы

Он жылдығын ойлаған ел тал 🌳егеді,
Мың жылдығын ойлаған ел ұрпағының 👼жүрегіне❤️ ізгіліктің ✨дәнін егеді.
Тел: 8707-327-56-65

  • 267 posts
  • 18.3k followers
  • 862 following

Отбасы хрестоматиясы Profile Information

  • "Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қоры мен Алматы қаласы әкімдігі, Қоғамдық даму басқармасының бірлескен бұл жобасы қаланың 18 бен 35 жас аралығындағы тұрғындары қатыса алады. Еріктілерді іріктеу  маусымның 15 дейін бір ай мерзім жалғасады. 
Байқауда жас жұптардың  отбасылық өмірге бейімдігі, ер адам мен әйел затының табиғатын дұрыс тани алуы, өмірдегі ситуативтік қиындықтарға қарсы иммунитеті мен бала тәрбиесіндегі біліктілігі сыналады. 
Байқауда бақ сынаушыларға түрлі сұрақтар қойылып, арнайы тапсырмалар жүктеледі. Жұптардың даналығы мен даралығы таразыға тартылады.  Шараға белгілі қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалар төрелік етеді. Жеңімпаздар арнайы марапатталады. Толық мәлімет  8 (707) 327-56-65 ала аласыздар.

  •  45  2  18 May, 2019

Advertisements

  • Əлхисса, пайғамбар заманында, Жебірейіл періште Мұхамбет пайғамбарды ертіп алып, Құдайға қонаққа бару үшін миғражға ұшыпты. Олар 4-ші қатқа жеткенде пейіште бір бұлақ ағып жатыр екен. Жебірейіл бұлақтан бір кесе су алып, пайғамбарға береді. Ол суды ішеді де дəміне елтіп, рахаттан мас боп талып қалады. Пайғамбар есін жинап:- Бұл не су?-дейді.
- Бұл кəусар бұлағы. Қалай, ұнады ма? -деді Жебірейіл.
- Дəмі ғажап екен. Бейне бір бал қосып қойғандай.
-Бұл бұлақ саған арналады, Мұхамбет!
- Кейінгі үмбетім де бұл бұлақтан су іше ме?
-Жоқ. Ішпейді. Бұл саған ғана арналған, Мұхамбет. Сенен басқа жан баласы Кəусардан дəм тата алмайды. Тағы да су ішесің бе?
- Жоқ. Егер үмбетім ішпесе мен де енді бұл бұлақтан су ішпеймін. Жалғыз өзім ұялмай қалайша іше берем?! Менің Тəңірге айтар арызым бар. Үмбеттерім де Кəусардан су ішсінші,-деді пайғамбар. Сол кезде Тəңірі тіл қатты:
- Достым Мұхамбет, дегенің болсын! Бірақ бір шартым бар. Үмбетің ораза ұстағанда ауыз ашатын суын алдын ала дайындап қойсын. Періштелер бұлақтағы судан бəріне бір-бір тамшыдан тамызып шығады,-деді. Пайғамбар келісті. Содан бастап ораза ұстаушылар суды алдын ала дайын қылатын болды. Періште күн батардан алдын оларға Кəусар суынан тамызып шығады екен. Сол себепті ауыз ашатын жəй ғана қара су бал татитын ерекше дəмді болады екен.

#отбасыxрестоматиясы
#87073275665нөмерінеxабарласыпкітапалааласыздар #әлдиденэпосқадейін

  •  262  4  15 May, 2019
  •  177  0  15 May, 2019

Advertisements

  • Бір күні Қызыр ата жолаушылап келе жатып Бақытты кездестіріп:
– Әй, Бақыт, мен ел ішін аралаймын, пенденің тілегін Құдайға жеткіземін. Бірақ, қай үйге кірсем де, жұрттың бәрі «бақыт кірсін», «бақытты болайық», «бақыт қайдасың» деп іздеп жатады. Жаббар Хақ сені Адамға серік болсын, өміріне көрік болсын деп жаратты. Шиш пайғамбар алғаш үй салғанда төріне жайғасып едің. Ел-жұрт «Ат аунаған жерде түк қалады, қонақ отырған жерде құт қалады» деп, саған қол жеткізу үшін қонақ шақырып, мейман күтуге таласатын еді. Бірақ өмірде бақытты жандар да көп, бақытсыз бейбақтар да жетерлік. Сен әркімнің қолына түсе бермейтін бір ғайып құсы сияқтысың. Тұрағыңды айтшы, жарқыным. Кімдерге қонасың, кімдерге бұйырмай кетіп қаласың? – дейді. Бақыт:
– Сұрағың орынды, Қызыр баба, – деп әдеппен тағзым етеді. – Мен, ең алдымен, ісінің берекесі жоқ, сөзінің келекесі көп адамға дарымаймын. Ата-анасын сыйламайтын, оларға қызмет қылып, жандарын қинамайтын надандармен де жұлдызым қарсы. Есірік ұл мен кесапат қыздан, ата-енесін күтпеген келіннен алпыс қадам аулақ жүремін. Әсіресе, Аллаға зікір айтпайтын, иманын дұшпаннан қорымайтын, көрші ақысын жеуден қорықпайтын жандармен Құдай жолымды түйістірмесін деп күніне сан мәрте дұға қыламын, – депті. Қызыр ата тағы да:
– Ал қайда тұрақтайсың? Кімнің шаңырағына шаттық бітіресің, кімнің басына бақ болып бітесің? – деп сұрайды. Бақыт іркілместен:
– Менің ең жақсы көретінім – ата-анасына құрақ ұшып қызмет ететін, бірлік пен ынтымақты ырыс деп ұғатын жандар. Өзгені күндеуден, кісіні мінеуден аулақ момындарды іздеп жүрем. Алланың есімін жаттаған, адалдан басқа татпаған ақжүрек жандармен жылдам жұғысамын. Сахар тұрып, сәресі ішіп, ораза ұстайтын тақуамен тез тіл табысамын. Бейбітшілік пен берекені ту еткен кісілермен тіл қатыспай-ақ ұғысамын, – деген екен. Қызыр ата шаттанып:
– Ендеше сен қонған жанға мен де даримын, – дейді. «Бақ қонып, Қызыр дарыған» деген сөз осыдан қалған екен деседі.
 #87073275665нөмерінеxабарласыпкітапалааласыздар #әлдиденэпосқадейін #отбасыxрестоматиясы

  •  241  2  15 May, 2019
  • МЫҢ СҰРАҚ  МӘЛИКЕ: Миғраж сапарында хақ пайғамбар бір құдық қазған адамды көрді. Құдығын машақатпен қазып болғаннан кейін маңдай терін сүртіп, оған қауға тастады. Ақыры болмағасын, шөлдегеннен ерні кезеріп, қайтадан құдық қаза бастады. Жанына барып қараса құдығы суға толып тұр.Бірақ шелегіне су ілінбейді.  Бұл не хикмет?

ӘБІЛДА: Бұл құдықшы- бақытсыз жан. Қауғасын қанша салса да өзі қазған құдықтан бір тамшы су іше алмай, мәңгі бақи қор болады. Ол адам дүниеде талай жанға жақсылық жасаған бай еді. Бірақ жақсылығын міндет етіп, елден мақтау тілеп, өзгеден сый-құрмет дәметіп жүретін. Соның кесірінен игілігінің қайырын мәңгі дүниеде көре алмай, сорлап отыр.
#87073275665нөмерінеxабарласыпкітапалааласыздар 
#отбасыxрестоматиясы 
#мыңсұрақкітабынаналынды

  •  251  6  8 May, 2019
  • Хикмет ілімі жас таңдамайды.  Ел талғамайды.  Қай елде,  кімнің қолына түссе де жүрегіне сәуле салып,  құндылық боп шыға келеді.  Қартты жасартады,  жасты есейтеді. Баланы дана қылады,  дананы әулие қылады.  Арулардың көрікті ажарына іштегі сыр мен сымбатты қосып береді.  Оразада отбасы хрестоматиясын оқып,  көңіл әлемін әдемілеп алайық.  Сөйтіп жақсылықта жарысайық!

  •  341  10  7 May, 2019

Advertisements

  • ЖАРАМАЗАН АЙТУ САЛТЫ

Адам ата мен Хауа ана алғаш рет отыз күн ораза ұстапты. Ұлық Алла періштелеріне:
– Адам ата мен Хауа ананың шаңырағына барып зікір-салауат айтасыңдар. Менің орынбасарым сәресіге тұрғанда құлағына әсем әуен келсін. Онда менің Ұлықтығым мен мейірім-шапағатым білініп тұрсын. Рухтарына қуат берсін, – дейді. Періштелер сахар кезінде Адам мен Хауаның шаңырағына барып, зікір-салауат айтыпты. Әсем әуеннің әсерінен Адам мен Хауаның бойына күш бітіп, кешке дейін ауыз бекітіп жүреді. Қас қарайып, ауыз ашар кезде Ұлық Алла періштелерді жұмсап:
– Адам мен Хауаны қуантыңдар. Ауыздарын ашсын. Менің разылығымды алу үшін кешке дейін ас жемей, ауыз бекітті. Мен ризамын, – дейді. Періштелер Алланың сәлемін Адам ата мен Хауа анаға жеткізіпті. Діни қиссалардың баяндауынша, періштелер отыз күн бойына зікір-таспиқ айтқан екен. Бұл үрдіс жарамазан деп аталыпты.
Жұрт мұсылманшылыққа өткен кезде Мұхамбет пайғамбар оразаны үмбеттеріне парыз етеді. Құдайдың ризашылығы үшін отыз күн ораза ұстап, таң атқаннан күн батқанша ішіп-жемнен тыйылу әрбір мұсылманның міндетіне айналады. Бірақ алғашқы уақытта сахарда ұйқысынан тұра алмай қиналады екен. Сол кезде пайғамбар Асан мен Үсенге:
– Сахабаларды әндетіп оятыңдар, – дейді де, Адам ата мен Хауа анаға шырқаған періштелердің жарамазанын үйретеді. Асан мен Үсен төрт шадиярдың үйінен бастап барлық сахабаларды оятып шығады. Оразаның нығметтерін, пайдасын көркем тілмен кестелеп жеткізеді. Пайғамбарға үздіксіз салауат жолдап, оның тағылымды өсиеттерін өлеңмен өрнектейді. Мұхамбет пайғамбардың өмірін өнеге етеді. Оразаның сауабы, мұсылмандар арасында көп дәріптелетін жомарттық, мәрттік, адалдық сияқты қасиеттерді мадақтайды. Исламда «жарамазанды» «шахри рамазан» сөзінен шыққан деп те айтады. Яғни «рамазан айы» деген мағынаны білдіреді. Келе-келе мұсылмандар ешкім оятпаса да, өздері ерте тұрып, сәресін ішуге дағдыланады. Бірақ жарамазан айту жоралғысы ұмытылмайды. Бұл салт күні бүгінге дейін қазақ арасында сақталып қалған. Оның көптеген үлгілері ел арасына кеңінен таралған. Солардың бірі төмендегідей:

Меккеде бір ағаш бар басы күйген,
Жайқалып жапырағы жерге тиген.
Өзге ағаш қураса да, қурамайды,
Құдайдың сол ағашқа нұры тиген.

  •  109  2  6 May, 2019
  • Құрметті оқырман рамазан айы құтты болсын. Сіздер ❤️басып отырыңыздар бізден сізге тамаша қисса болсын!!! Адам ата мен Хауа ана пейіште тыйым салынған бидай дәнегін жейді. Бұған дейін қалдық шықпайтын жұмақтың ең асыл тағамдарын таңдап жейтін еді. Тұңғыш рет жерде өсетін тамақты жегендіктен, адамның асқазаны бірінші рет ас қорытып, нәжіс шығаратын болды. Онда пейіштің былғанатыны анық еді. Сол кезде Ұлық Алла қаһарына мініп, Адам ата мен Хауа ананы жәннаттық мәртебесінен айырады. Алланың әмірімен олар пейіштен қуылып, жерге түседі.
Жеп қойған бидайдың қалдығы адамның асқазанында отыз күн қорытылмай жатып қалады. Одан түгел тазару үшін Алла оларға отыз күн ораза ұстауға әмір беріпті. Содан бастап Рамазан айында отыз күн ауыз бекітіп, ораза ұстау мұсылманға парыз болып бекіпті.

  •  362  7  5 May, 2019
  • Мейрамға орай бірқисса!
Мұса пайғамбардың қауымы надандықпен күнəлі істерді көп жасап, Алланың алдында айыпты болады. Алла тағала оларға наразы болып, Мұсаға: -- Əй, Мұса, қауымыңа ескерт. Үш түрлі бəле жіберемін. Біреуін таңдасын. Біріншісі -- зұлмат ашаршылық, екіншісі -- індет, үшіншісі -- елдің ынтымағын жойып, бір-бірімен алауыз қыламын. Біреуін таңдап, үш күннен соң жауабын беріңдер, -- деді. 
Мұса еліне келіп, Алланың қаралы хабарын жеткізеді. Ел-жұрт мынаны естігенде, төбелерінен жай түскендей болды. Ақсақалдар жиналып, кеңес құрды. Есеңгіреп қалған ақсақалдар алғашында алауыздықты таңдады. "Құдай ашаршылық пен емі жоқ аурудан сақтасын" деп шуласты. Сол кезде бір абыз: -- Алла ашаршылық жіберсе, бəріміз қырылып қалмаспыз. Талқаны таусылғандар тағдырын Аллаға тапсырсын. Тірі қалғанның тұқымы тірілер, орнында бар оңалар. Індет жіберсе де, Алла барлығымызды түгел қырмайтын сыңайлы. Бəрібір қарттардың бəрі өледі, жастардың ажалдысы өледі. Алауыз болсақ, бəледен көз ашпаймыз. Отбасы ала болса, кереге басы сайын бір бəле деген. Ел іші ала болса, жау шаппай-ақ, дауыл тұрмай-ақ құримыз. Жиған малың ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетеді. Ұлымыз құл болар, қызымыз күң болар. Санымыз аз болсақ та саз болып, жұмылған жұдырықтай бірауыздан Алла қалаған екі апаттың бірін қарсы алып, төзейік. Бетеге кетсе, бел қалар, бектер кетсе, ел қалар, берекең кетсе, нең қалар?! -- деп тоқтау салды. Сонда ақсақалдар ес жинап, осы байламға тоқтапты. Мұса қауымының таңдауын Аллаға жеткізді. 
Ұлық Алла:
-- Қауымың дұрыс таңдау жасады. Елдің бірлігі мен ынтымағын таңдағаны үшін мен оларды кешірдім. Енді ешқашан апат жібермеймін, -- деді. 
Осыдан бастап халық арасында "Елдің ынтымағын ойламаған адам Алланы бір деп танымайды" деген тəмсіл сөз тарапты. ("Əлдиден эпосқа дейін" 198-199 беттер.)
Бүгінгі мейрам құтты болсын, достар! 
Бірлігі мен Ынтымағы жарасқан ел болуды нəсіп етсін Тәңірім!#отбасыxрестоматиясы #87073275665нөмерінеxабарласыпкітапалааласыздар

    Бірлігі мен Ынтымағы жарасқан ел болуды нəсіп етсін Тәңірім! #отбасыxрестоматиясы #87073275665нөмерінеxабарласыпкітапалааласыздар
  •  216  6  1 May, 2019
  • Жұмақта Адам ата мен Хауа ананы шайтан азғырып, бидай жеп қояды. Олар пейіштің тамағын жеп, таза жүріп тұратын. Жеген бидай асқазанда қорытылып, алғаш рет нәжіс пайда болады. Жұмақ былғанады. Шошып кеткен екеуі сасқандарынан нәжісті қолтығына тығады. Қолтығынан алып, шабына жасырады. Болмаған соң, тақиясына салып, басына киіп алады. Бырақ лас зат иістенеді. Нәжіс тиген жердің бәріне шаш өседі. Сондықтан қолтық, шаптағы қылды, басқа өскен шашты қысқарту уәжіп болыпты. Әйелдердің шашына орамал тағуы осыдан қалған екен.
#отбасыxрестоматиясы 
#әлдиденэпосқадейін 

  •  280  7  1 May, 2019
  • Мәлике: Қай жемістің пайдасы бар?
Әбілда: Тәңірі жаратқан жемістің бәрі пайдалы. Әлқисса бірде періштелер: -Уа, Тәңірім, сен адамдар сияқты үш уақыт тамақ жейтін болсаң, не жейтін едің? – деп сұрады. Тәңірі тағала: - Таңертең шабдалы, түсте жүзім, кешке інжір жеуші едім, - деді. - Ауырсаң, не жейсің? – деді.
- Анар!- деді. - Шаршасаң не жейсің?
- Қарбыз!
- Қалғысаң, не жейсің?
- Жиде!
- Ұйықтай алмасаң ше? – деп сұрады періштелер.
- Алма жеймін, - деді Тәңірі тағала.
#отбасыxрестоматиясы #мыңсұрақкітабынаналынды 

  •  247  5  30 April, 2019
  • Кітап алуға асығыңыз!!!
  • Кітап алуға асығыңыз!!!
  •  68  1  29 April, 2019